jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Жақсы жұп болар еді": Қуандық Рахым мен Ақбота Сейітмағамбет желіде қызу талқыға қалды (фото)

    Ақбота Сейітмағамбет пен Қуандық Рахым
    Ақбота Сейітмағамбет пен Қуандық Рахым. Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

    Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет желіде өнердегі әріптесі Қуандық Рахыммен түскен суретін жариялап, елді қызу талқысын тудырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.

    Ақбота Сейітмағамбет Қуандық Рахым екеуінің фотосын Instagram-дағы парақшасында жария етіп, жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды. Өнер иесі алдағы уақытта әріптесімен дуэт жазуға қатысты халықтың ойын білмек болды.

    "Әдемі кештен естелік. Бізден дуэт күтесіздер ме", - деп жазды Ақбота Сейітмағамбет.

    Желі қолданушылары әншілер дуэт жазса аса қатты қуанатынын айтып, жақын арада олардан жаңа туынды күтетінін жеткізді. Кейбір оқырмандар әртістерден жақсы жұп шығатынын да жазды.

    "Екеуінің де дауысы керемет. Дуэт күтеміз", "Керемет дуэт болады", "Менің сүйікті әншілерім. Екеуі дуэт айтса, арманым жоқ", "Бойдақ болса тым жақсы жұп та шығар еді", "Екеуі сондай жарасымды", "Мықты дуэт болады", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.