"Денем тітіркеніп кетті": Оңтүстік Кореяда ән айтқан қазақ баласы елді тәнті етті (видео)
Жарияланған күні:
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында ән салған қазақ баласы көпшіліктің ықыласына бөленді. Видео әлеуметтік желіде лезде тарады.
Ернұр Тәкенов есімді қазақ жігіті Сеулдің Мендон көшесінде әндеткен. Ол Батырхан Шүкеновтің "Отан ана" әнін орындап, көпшіліктің көңілінен шыққан.
Ал желі қолданушылары Ернұрға ризашылық білдіріп, өз тілегін жазды.
"Қазақстанда талант көп қой", "Осы әнді жақсы көремін", "Денем тітіркеніп кетті", "Бәрекелді, бақытты бол", "Тек ту жетіспейді", "Тілімі қандай әдемі, сөздері мағыналы", "Биіктей бер", - депді жұрт.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103617-denem-titirkenip-ketti-ongtustik-koreiada-an-aitqan-qazaq-balasy-elding-yqylasyna-bolendi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.