"Сүйіктім": әйелімен түскен видеосын жариялаған Шоқан Маратұлы елді сүйсінтті
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші әрі продюсер Шоқан Маратұлы келіншегімен отасқанына 7 жыл болуына орай, желіде оған әсерлі жазба арнады. Өнер иесі көпшілікке әйелі екеуінің бақытты сәттерінен үзінді көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шоқан Маратұлы келіншегі Анель Баталова екеуінің ерекше видеосын Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Онда ерлі-зайыптының бақытты сәттері көрініс тапты.
"Осыдан 7 жыл бұрын біз ерлі-зайыпты атандық. 7 жылдығымыз құтты болсын, сүйіктім", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптының бейнежазбасына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген.
"Бақытты болыңыздар. Нағыз үлгілі жанұя", "Осы жұп өзіме қатты ұнайды. Көз тимесін. Сондай қарапайым жандар", "Екеуін де өмірде көргенмін, Расымен қарапайым жандар", "Осындай бақытты сәттеріңіз көп болсын", "Балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Махаббаттарыңыз баянды болсын. Сіздерге қарай бергің келеді", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104146-suiiktim-aielimen-tusken-videosyn-zhariialagan-shoqan-maratuly-eldi-suisintti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.