"Баламды танымай қалғандаймын": Дина Төлепберген желіде тұңғышына әсерлі жазба арнады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген желіде тұңғышына әсерлі жазба арнап, жан сырын ақтарды. БАҚ өкілі бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, ұлына қаталдау екенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дина Төлепберген жантебірентерлік жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Тележүргізуші бастауыш мектеп бітіру шарасына қатысып, ұлын танымай қалған.
"Бүгін тұңғышым Асқарали бастауышты бітірді. Мектебіндегі концертке барып, баламды танымай қалғандаймын. Кеше ғана бірінші сыныпқа барып, жазуды бірге үйреніп едік. Бүгін алдымда өнер көрсеткен - нағыз жігіт.
Уақыт-ай. Қалайша зымырап барасың. Мен эмоцияға көп беріле бермейтін адаммын. Бірақ осындай сәттерде тамағыңа ыстық жас тығылады екен. Аналардың бәріне таныс әсер шығар. Тұңғышым болған соң, Асқаралимен біраз қаталдау сияқтымын. Бастысы, балам, Сені қатты жақсы көретінімді біліп жүр", - деп жазды Дина Төлепберген.
Сонымен қатар БАҚ өкілі ұлының ерекше видеосын да ел назарына ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104182-balamdy-tanymai-qalgandaimyn-dina-tolepbergen-zhelide-tunggyshyna-aserli-zhazba-arnady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.