"Жүргізуші куәлігімді бер маған, көлігімді тебейін": Төреғалидің жазбасы желіде қызу талқыға түсті
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі желіде тағы да қызу талқыға түсті. Өнер иесі жаңа жазба жариялап, ел назарын өзіне аударған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялап, астына жазба қалдырып кеткен. Өнер иесі көлігін жүргізгісі келетінін айтып, жүргізуші куәлігін өзіне қайтарып беруін сұраған. Алайда әнші бұл жазбаны кімге арнағаны белгісіз.
"Жүргізуші куәлігімді бер маған, бер маған, бер маған, машинамды тебейін", - деп жазды "Ұлы дала баласы".
Желі қолданушылары бұл жазбаны бірден қызу талқылап, түрлі пікір қалдыра бастады.
"Бере ғой правасын, өтініп сұрағасын. Жүректер жыламасын!", "Беруге болмайды ма екен?", "Ұлы дала баласына куәлігін қайтарып беріңдер", "Төреш бұл оқиғадан сабағын алды. Енді куәлігін берсе де болар еді", "Бұл тақырып әлі ұзақ уақытқа дейін айталытын сияқты ғой", "Жүргізуші куәлігінің жыры бітпей жатыр", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104236-zhurgizushi-kualigimdi-ber-magan-koligimdi-tebeiin-toregaliding-zhazbasy-zhelide-qyzu-talqyga-tusti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.