Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танымай қалдым": актер Руслан Нұрман "5:32" сериалынан кейін жұбайының актерлік шеберлігін мойындағанын айтты

Жарияланған күні:

Руслан Нұрман мен Жәудір Сарыпбекова
Руслан Нұрман мен Жәудір Сарыпбекова. Фото: Instagram/zhaudir_sarypbekova

Актер Руслан Нұрманнның сөзінше, "5:32" сериалынан соң әйелі Жәудір Сарыпбекованың актерлік шеберлігін мойындап, оны танымай да қалған. Бұл туралы өнер иесі "Мархабат" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

"Отбасы болған соң "Мені осындай жерге шақырып жатыр", деп ақылдасамыз ғой. Үнемі айтып, сұранып отырады. Үш күн түсірілім болды. Кейін сериал шыққанда өзім таңғалдым. Танымай қалдым. Өте шынайы ойнаған. Актерлік шеберлігін мойындадым десем де болады", - деді Руслан Нұрман.

Өнер иесі парақшасында жұбайының ойнаған образын көрсетіп, мақтанғанын да атап өтті.

"Парақшамда жария еттім. "Міне, мынадай актриса, актриса деген осындай болуы керек" дедім. Өнер адамы ретінде түсінем ғой. Басқа рөлдердерде ойнағаын көргем ғой, осындай образда бірінші рет көрдім. Көргенде Жәудір емес, басқа адам тұрды. Мен соған кәдімгідей сендім", - дейді ол сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2106861-tanymai-qaldym-akter-ruslan-nurman-5-32-serialynan-keiin-zhubaiynyng-akterlik-sheberligin-moiyndaganyn-aitty/