Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйем": Ерке Есмахан желіде жолдасына әсерлі жазба арнады

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан күйеуімен. Фото
Ерке Есмахан күйеуімен: әншінің instagram-парақшасынан

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде күйеуі Raim-ға жазба арнап, елдің көзінше оған сезімін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында жолдасын жер-көкке сыйғызбай мақтап, оған алғысын айтты.

"Бар жақсыға лайықтысың, ештеңе істеме, рахаттанып, дым ойламай жата бер. Бәрін өзім жасап беремін" дейді күйеуім. Аллаға сансыз шүкір. Сені сүйемін Raim", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптының махаббатына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан "баға жетпес байлығы" туралы айтқан болатын. Өнер иесі желіде қымбат сыйлықтары мен бағалы бұйымдарын көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107572-suiem-erke-esmahan-zhelide-zholdasyna-aserli-zhazba-arnady/