Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім бал жеп жүрген жоқ": Нұрлан Еспанов ұлының өнерге келуіне неге қарсы болды (видео)

Жарияланған күні:

Нұрлан Еспанов пен ұлы Олжас Еспанов
Нұрлан Еспанов пен ұлы Олжас Еспанов. Фото: instagram.com/ espanov_olzhas

Отандық әнші Нұрлан Еспанов ұлы Олжас Еспановтың өнерге келуіне неге қарсы болғанын айтты. Ол шығармашылық саладағы қиындықтарға қатысты "Оян" бағдарламасында баяндады.

Сұқбат барысында Нұрлан Еспанов ұлын таныстыруға келгенін бірден мойындады. Ол Олжастың өнерге қашан бет бұрғанын да жасырмай айтты.

"Баламның ""Ол – жас махаббат" деген кітабы шықты. Жақсы жұмыс істеп жүрді де, жақында маған келіп, "ән айтамын" деді. Содан менің "Сағыныш" атты әнімді айтып шықты", - деді ол.

Эстрада жұлдызы бастапқыда ұлының шығармашылықпен айналысқанын қаламаған болып шықты.

"Негізі өнер жолы – өте ауыр жол. Ешкім бал жеп жүрген жоқ. Халықтың көңілінен шығу, сенімін ақтау оңай емес. Сырттан білінбейді, ал ішінде жүрсең, өте ауыр. Ән жаздыру, ән табу, ақынға бару, көпшілікпен араласу, халықтың алдына шығу өте қиын. Сол себепті мен баламды өнерден алыстатқанмын", - деді Нұрлан Еспанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107803-eshkim-bal-zhep-zhurgen-zhoq-nurlan-espanov-ulynyng-onerge-keluine-nege-qarsy-boldy-video/