Жақында Ая Шалқармен айырылысқан Асқар Ілиясов қарым-қатынас жайлы айтты (видео)
Жарияланған күні:
Жақында Ая Шалқармен айырылысқан актер Асқар Ілиясов "Revue News" бағдарламасында қарым-қатынасқа қатысты ойын айтты.
Өнер иесі жақын адамымен ұрыс-керіс болған жағдайда түсініспеушілікті басу жолдарын атады.
"Мен сөйлеймін. Диалог ашуға ыңғайсыз тақырыптарды көтеруді үйреніп жүрмін. Біріншіден, қарама-қарсы тұрған адамды естуге тырысу керек. Ең бастысы осы.
"Жұбайымды өмірімде бір рет болса да естіп көрейінші" деу керек. Есту және айту жағынан ол да маңызды, тек шындықты айту керек", - деді ол.
Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Ая Шалқар желіде актермен айырылысқанын хабарлаған еді. Ал Асқар Ілиясов өзінің абьюзер емес екенін айтып, модельді бірге сұқбат беруге шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116128-zhaqynda-aia-shalqarmen-aiyrylysqan-asqar-iliiasov-ara-qatynas-zhaily-aitty-video/