"Тілімізді шұбарлап бітті": Мейрамбек Бесбаев той әншілерін сынап тастады
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар "МузАрт" тобы той әншілерін сынға алып, оларға ағалық ақыл-кеңесін айтты. Өнер иелері соңғы уақытта шығып жатқан жаңа әндерге көңілі толмайтынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мейрамбек Бесбаев жас әншілердің орысша сөздерді араластырып, шығарып жатқан әндерін сынап тастады.
"Кезінде аталарымыз да "черный көзім" деп айтты ғой. Ол кезде саясат басқа болды. Біз орыстың ықпалынжа жүргеннен кейін оларға жағыну мақсатында сондай өлеңдер шықты. Ал қазір тәуелсіздік алған кезде не қара басып қалды бізді?! Орысшаны араластырып, елдің құлағында қалсын деп тілімізді шұбарлап, бізді құртып бітті", - деді өнер иесі "Қызық Times" бағдарламасында.
Эстрада жұлдызы өнердегі іні-қарындастарына ағалық тілегін айтып, оларды қазақ тілінде аса сапалы туынды шығаруға шақырды.
"Елдің бәріне "МузАрт" болу шарт емес. Жаппай бәрі "Тойда шырқасақ болды" деген ритммен кете бергені дұрыс емес. Тәп-тәуір түрлері, дауысы бар әншілер. Сол жағы ғана кішкене жүрегіңе тиеді екен. Мен міндетті түрде эстрада мықтыларының жолымен жүріп, солар сияқты ән айту керек деп тұрғаным жоқ. Әндерінің тақырыптары да бір түрлі, сөздері де есте қалмайды. Осы жолмен бәрі кете бермесе екен деген тілек", - деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2118696-tilimizdi-shubarlap-bitti-meirambek-besbaev-toi-anshilerin-synap-tastady/