Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш ұйықтасам да түсіме кірмепті": Ақбота Керімбекова "Аппақ гүлдер" әнімен адам емдеген емшіге шүйлікті

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова желіде тарап кеткен емшінің видеосына қатысты пікір білдіріп, Instagram-дағы парақшасында азулы жазба жариялады. Өнер иесі адамдарды "Аппақ гүлдер" әнімен емдеген емшіні сынап тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова өз репертуарындағы әнді біреуді емдеуге қолданған емшіге шүйлікті. Шоу-бизнес жұлдызы желіде қызу талқыланып жатқан емшінің видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда ер адам айналасындағы адамдарға өнер иесінің “Аппақ гүлдер” әнін айттырып, теңселтіп билетіп тұрғанын көруге болады.

"Бәрін көрдім” деуге болмайды десек те, маңдайымызға жазылған өнер жолының дәм-тұзы бұйыртып, көп нәрсеге қанықтық. Бірақ дәл мынадайды көру үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Әннің көңілге демеу, жанға медеу болатыны рас, солай екен деп дәл осылай жасауға бола ма?! Аңқау елге арамза молда болғандардың ақыры жақсы болғанын көргенім жоқ. Адамдар бірнәрсеге тәуекел етіп немесе бірнәсеге кірісу үшін ақырын неге ойламайды екен осы?..

Әбден сарсаңға түсіп, қажығандарды, жанына тыныштық, дертіне дауа іздегендерді сендіру, көндіру оңай. Мына үкілі кісінің алдында тұрғандар да бір ғажайыпқа сеніп келген шығар. Оларды жазғыра алмаймын, қателік жасағанды табалау еш заманда да дұрыс болмаған. Ал, енді "аппақ гүлдетіп" тұрған кісіге құдай сана берсін! Қасиетті кісілердің есімдерін қор қылды-ау… Сырдағы Серік Ыдырысов ағам айналасына "ақылыңды жойма, ақырыңды ойла" деп отырушы еді! Өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау. Екінші трансында марқұм Нәби екеуміз орындаған "Ақ шағала" дейтін әннің музыкасына салып алған", - деп жазды әнші.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2118843-ush-uiyqtasam-da-tusime-kirmepti-aqbota-kerimbekova-appaq-gulder-animen-adam-emdegen-emshige-shuilikti/