Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хит болған соң 20 мың теңге берді": "Сен қорқақсың" әніне сөз жазған ақын Нұрболат Абдуллинге ренішін айтып, жылап қалды (видео)

Опубликовано:

Ершат Қайболдин
Ершат Қайболдин. Видеодан кадр: youtube.com/ "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

Отандық хит әндердің сөзін жазған ақын Ершат Қайболдин "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында кейбір әншілердің еңбегін жегенін айтып, жылап қалды. Ол "Сен қорқақсың" әніне жазған сөзі үшін Нұрболат Абдуллиннен небәрі 20 мың теңге алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сен қорқақсың", "Ұлыма ақыл", "Еркекпін мен", "Мен сені сағындым", "Достарға" және тағы басқа әндерге сөз жазған Ершат Қайболдин сұқбат барысында өнерін ешқашан сатпағанын жеткізді.

"Ешқашан саудалап көрген жоқпын. Мұқағали атамыз айтқандай, ақындық – ардың ісі. Мен барынша арлы болуға тырыстым, тырыса да беремін. Ешқашан "маған осынша ақша бер, өлең жазып беремін" деген болған емес. Хабарласа ма, жазып бере саламын", - деді ол.

Осы тұста ақын Нұрболат Абдуллин "Сен қорқақсың" әні хитке айналған соң қаламақы ретінде небәрі 20 мың теңге бергенін айтып, жылап қалды.

"Сен қорқақсың" әнінің қаламақысына 20 мың теңге алғанмын. "Хит болып кетсе беремін, еңбегімді жемеймін" деген. Ал тойға шығып, хит болған соң өзі хабарласып, берген ақшасы... Жыладым... Мұның бәрі шындық. Ішімде бәрі толып қалды", - деді ақын.

Нұрболат Абдуллин ақынның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген жоқ.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2118855-hit-bolgan-song-20-myng-tengge-berdi-sen-qorqaqsyng-anine-soz-zhazgan-aqyn-nurbolat-abdullinge-renishin-aityp-zhylap-qaldy-video/