Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Раим бірнеше рет дастархандас болды": Ерке Есмахан марқұм әкесіне әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Ерке Есмахан ата-анасымен
Ерке Есмахан ата-анасымен. Фото: instagram.com/ erke_esmahan

Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында марқұм әкесіне әсерлі жазба арнады.

Әнші биыл әкесінің дүниеден озғанына төрт жыл болғанын айтты.

"Асқар тау әкеміздің өмірден өткеніне 4 жыл. Алла рахымына алсын. Әкеміздің құрдастары мен жақындарды шақырып, ағамның шаңырағында ас беріп жатырмыз. Әкем 2020 жылы індеттен 82 жасында өмірден өтті. Алла рахымына алсын. Асқар тау әкешім.

Әкем мен анам Мүслімді тәрбиелеп өсірді. Раим әкеммен бірнеше рет жүздесіп, дастархандас болған еді. Отбасы болғанымызды көргенде ғой. Исламды бір рет иіскегенде ғой деп іштей ойлап, жылап алатыным бар. Өмір-ай.

Әкем өмірден өткен соң анама оңай болған жоқ. Төзімді, жаны жұмсақ анашым. Алла ұзақ ғұмыр берін, мен сізді жақсы көремін. Аналарымыз аман болсын", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Ерке Есмаханның жазбасын оқыған жұрт жағымды пікір жазып қалдырды.

"Тектіден текті туады деген осы", "Әкемді сағындым", "Жаны жәннатта болсын", "Раиммен осылай құшақтасып, әдемі қарттыққа жетіңдер", "Әжеңізден аумайды екенсіз", "Әкенің орны бөлек", "Мәңгілік сағыныш", - деді желі оқырмандары.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2119107-raim-birneshe-ret-dastarhandas-boldy-erke-esmahan-marqum-akesine-aserli-zhazba-arnady/