Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұятқа қалдыратын тірлік жасайды деп ойламадық": Гүлзира Айдарбекова ұлының концертіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың Атырау қаласындағы концерті өтпейтінін айтты. Ол бұл жағдайға ұйымдастырушыларды кінәлап отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова концертке қатысты ақпаратты Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Ол ұйымдастырушылардан хабар ала алмағанын, сол себепті кештің өтпейтінін айтып, көпшіліктен кешірім сұрады.

"Құрметті Атырау қаласының қонақтары және тұрғындары! 17 шілде күні Атырау қаласындағы "Махамбет" театрында өтетін Қайрат Нұртастың концерті өткізілмейтін болды. Себебі, ұйымдастырушының кесірінен концертімізді өткізбеуге тура келіп отыр. Билеттеріңіздің ақшасын сол компаниядан қайтарып алсаңыздар болады.

Қайрат Нұртас және оның командасы концертке дайын екенін айтқанда ол кісілерден хабар ала алмадық. Сіздерден келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Әрі қарай продюсер оқиғаның мән-жайын толықтай баяндады.

"Адамдарымыздың жартысының баруы жоқ, қайтуы бар. WhatsApp желісіне де жауап бермейді, телефон тұтқасын да көтермейді. Түнгі 12-ге дейін еш жауап ала алмадық. Қатты уайымға салынып отырмыз. Амал жоқ, біз ұшпадық.

Билеттеріңіздің ақшасын қайтарып алыңыздар. Қанша жыл жұмыс істеген адам осылай елдің алдында ұятқа қалдыратын тірлік жасайды деп ойламадық. Біз жақтан айып жоқ, жолға дайын отырдық. Жауап ала алмаған хаттарымыз бен телефон қоңырауларымыз тұр", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2119131-uiatqa-qaldyratyn-tirlik-zhasaidy-dep-oilamadyq-gulzira-aidarbekova-ulynyng-kontsertine-qatysty-kutpegen-malimdeme-zhasady/