Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіспеушілік болмайды": Фархат Қалиевтің әйелі оны қаншалықты қызғанатынын айтты

Опубликовано:

Kalifarniya әйелімен
Kalifarniya әйелімен. Фото: Instagram/kalifarniya

Отандық әнші Фархат Қалиевтің әйелі Анель оны қаншалықты қызғанатынын айтты. Өнер иесі күйеуі екеуінің қарым-қатынасы жайлы Revue News бағдарламасында баяндады.

Сұқбат барысында Анель шығармашылық адам болғандықтан өзі де көп дүниені түсінетінін жеткізді.

"Мен өзім де шығармашылықта болғандықтан оны жақсы түсінемін. Өйткені біз бірге жұмыс істедік те, бірге бастадық. Әншілер қандай іс-қимыл жасайтынын, концертте көрермен келіп ұстап, суретке түсуі мүмкін екенін білемін. Сондықтан мұндай жағдайға байланысты бізде келіспеушілік болмайды", - деді ол.

Мұны көрген көпшілік Фархат Қалиевтің жұбайына ақ тілегін арнап, оң пікір жазып қалдырды.

"Бақытты болыңдар", "Жарайсың", "Екеуі бір-біріне қатты ұқсайды", "Екеуін де жақсы көремін", - деп жазды олар.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2119431-kelispeushilik-bolmaidy-farhat-qalievting-aieli-ony-qanshalyqty-qyzganatynyn-aitty/