Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маңдайымнан сүйген емес": Досымжан Таңатаров әкесіне қатысты ел білмейтін құпияны айтты (видео)

Жарияланған күні:

Досымжан Таңатаров
Досымжан Таңатаров. Фото: Instagram/dossymzhan_tanatarov

Отандық әнші Досымжан Таңатаров "1001 түн" бағдарламасында әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты. Ол әкесі алғаш рет маңдайынан сипағанда қандай күйде болғанын да жасырмай жеткізді.

Эстрада жұлдызы сұқбат барысында әкеге деген құрметтің мән-мағынасын түсіндірді.

"Баяғыда әкелерімізді құрметтеуді, анамыздан көретінбіз. Бізді қорқытса да, әкемізді айтатын. Бірақ менің әкем еш уақытта зекіп, ұрсып-ұрған емес. Бірақ оның қасында анамнан таяқтың көкесін жедік. Сыпырғымен, оқтаумен қуып жүретін. Сонда "әкең келеді" деп қорқытатын", - деді ол.

Сондай-ақ әнші әкесінің алғаш рет маңдайынан сүйген сәтін еске алды.

"Әкем маңдайымнан сүйген емес. Мен 2000 жылы Астанаға жұмысқа кетіп қалдым, жарты жылдай жүрдім. Сосын ауылға келгенде әкем маңдайымнан сүйді. Оны көргенде іштей қуанып қалдым. Өйткені үш баласы мен үш қызы қасында болды, алыстан келген тек менмін.

Өзім сағынып келсем де, мұндай әрекет күтпедім. Маңдайымнан сүйгенде жүрегім елжіреп кетті. Ол жыласаң да ұрсады, "неге жылап жатырсың?" дейді. Иә, қатігез болып көрінген шығар, бірақ сонысымен әке", - деді Досымжан Таңатаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2119473-mangdaiymnan-suigen-emes-dosymzhan-tangatarov-akesine-qatysty-el-bilmeitin-qupiiany-aitty-video/