Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күнде кем дегенде 2-3 рет келеді": Әли Оқапов анасы туралы жан сырын ақтарды (видео)

Опубликовано:

Роза Рымбаева мен Әли Оқапов
Роза Рымбаева мен Әли Оқапов. Фото: instagram.com/aliokapov

Отандық әнші Әли Оқапов "1001 түн" бағдарламасында анасы Роза Рымбаева жайлы сыр шертті. Ол халық әртісі әже болғалы өзгергенін айтты.

Әли Оқапов анасымен бір тұрғын үй кешенінде тұратын болып шықты.

"Күнде кем дегенде 2-3 рет келеді, кешкі жуындыру кезеңіне міндетті түрде қатысады. Біз – көршіміз. Бір тұрғын үй кешенінде 1 минуттық ара-қашықтықта тұрамыз. Өзі кеткен соң міндетті түрде үйіне шақырады.

Байланыстары өте ерекше. Қазір ол өзгерді. Өйткені, бірінші немере әрқашан бөлек болады. Анамның айтуынша, маған қатты ұқсайды. Сондықтан менің сәби кезімді қайта көргендей болып жүр", - деді Әли Оқапов.

Жолдасының сөзін Ақерке Бүркітбай да растады. Ол ұлы "әжесінің баласы" екенін де жасырған жоқ.

"Менің үйіме келіп, менің үйімде боласың. Ағылшын тілін үйретуіміз керек, бірге саяхаттаймыз. Мен аламын да кетемін, өздерің туып алыңдар дейді", - деп күлді Ақерке.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120184-kunde-kem-degende-2-3-ret-keledi-ali-oqapov-anasy-turaly-zhan-syryn-aqtardy-video/