Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұжымның 100 пайызы маған қарсы болды": Сәбит Әбдіхалықов театр басқарған кезін айтып берді

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов
Сәбит Әбдіхалықов. Видеодан кадр: Youtube/El KZ

Отандық танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов Мүсірепов пен Әуезов театрындағы басшылық қызметі туралы бар шындықты айтты. Өнер иесінің сөзінше, бастапқыда оған ұжымның 100 пайызы қарсы болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәбит Әбдіхалықов өзінің басшылыққа тағайындалуына қарсы болған жандарды толықтай түсінетінін және олардың ұстанымын қолдайтынын айтты. Режиссер "театрда бір күн жұмыс істемеген адам қалай басшы болады?" деген сынды өте орынды деп санайды.

Десе де актер Мүсірепов театрын басқарғанда қарсы болғандардың барлығы басқа қызметке ауысқанда онымен қимай қоштасқанын жеткізді.

"Мен Мүсірепов театрына басшылыққа келгенде бәрі 100 пайыз қарсы болды. Ол театрдың әртісі болсам, мен де қарсы болар едім. Өйткені театрда бір күн жұмыс істемеген адаммын ғой. Мен оған дейін "Салтанат" би ансамблін, циркті басқардым, шоу-бизнесте жүрдім. Олардікі дұрыс деп ойлаймын. "Театрда бір күн жұмыс істемеген адам қалай театрды басқарады?" деп жүрді. Мен ешкімге ренжіген жоқпын. Ешкім қарсы болып, айқайлап шу шығарған жоқ. Бірақ іштегі атмосфера сондай болды.

Ал сол Мүсірепов театрынан Әуезов театрына ауысқан кезде 100 пайыз бәрі қимай қоштасты. Дұрыс жұмыс жасап, көңілдерін тапқан шығармын. Әуезов театрында да 30-40 пайызы қарсы болды. Ол жақтан кетерде де 70 пайыздай адам қимай қоштасты. Тіпті президентке хат жолдап, мен үшін шырылдады. Маған басшылық кету керек деді. Мен "жарайды" дедім. Ол кезде жұмысты ойлап жүрген мен жоқ. Үйленіп, ауруханада емделіп жүргенмін", - деді өнер иесі.

Сонымен қатар басшылық қызметтен кеткен Сәбит Әбдіхалықов бүгінде немен айналысып жүргенін айтты.

"Қазір Алматыда үйдеміз. Бұған дейін бірқатар қызметте болдық. Оны да көрдік. Маңдайымызға осы қызметті көру жазылған шығар. Қазір жеке шығармашылық, жеке жобаларыммен айналысып жатырмын. Жаңа жастар театрын аштым. Өңір-өңірлерді аралауды жоспарлап отырмыз. Бұл бастаманы бастарда маған көп адам көмектесті. Кезінде мен өзім көмектескен жандар енді маған көмектесуде. Бір спектакльді қоюдың ақшасы 10 млн-ға дейін шығады ғой. Спектакль жайлап ақтайды", - деді актер "Базар Like" бағдарламасында.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120283-uzhymnyng-100-paiyzy-magan-qarsy-boldy-sabit-abdihalyqov-teatr-basqargan-kezin-aityp-berdi/