Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің үйім қайырымдылық қорының кеңсесі емес": Ырысбала Икрамбай күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ырысбала Икрамбай
Ырысбала Икрамбай. Фото: instagram.com/ irisbala__ikrambai_official

Отандық танымал блогер Ырысбала Икрамбай көмек сұрау үшін үйіне баратын жандарға шүйлікті. Ол қазір жүкті болғандықтан қайырымдылықпен айналыспайтынын мәлімдеді.

Ырысбала Икрамбай оқырманға деген наразылығын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Дәл қазір сағат түнгі 00:30. Үйдің есігін бір кісі қағып, көмек сұрайды. Өз мәселеңіз бен тыныштығыңыз үшін өзгенің тыныштығын бұзу қаншалықты дұрыс? Әр нәрсенің шегі бар. Ұят деген болу керек.

Менің қазір аяғым ауыр, денсаулығыма байланысты қайырымдылықпен айналыспаймын. Менің үйім мемлекеттік мекеме я бір қайырымдылық қордың кеңсесі емес. Түсіністікпен қараңыздар", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120433-mening-uiim-qaiyrymdylyq-qorynyng-kengsesi-emes-yrysbala-ikrambai-kutpegen-malimdeme-zhasady/