jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Балаларға қамқор бол": Медеу Арынбаев келіншегімен соңғы рет сөйлескен кезін еске алды

    Медеу Арынбаев сұхбат кезінде
    Медеу Арынбаев сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

    Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев марқұм келіншегін еске алып, онымен соңғы рет не туралы сөйлескенін айтты. Өнер иесі келіншегі соңына дейін балалар үшін уайымдағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Медеу Арынбаев келіншегі бір нәрсені сезгендей соңғы бір ай бойы оған балалардың жағдайын ақырындап тапсыра бастағанын айтты.

    "Келіншегім ауруханаға түскен соң, ауруы қайтадан үдеп кетті. Сағат тоғызда кел деген, мен бардым. 9 жарымда телефон соққаным есімде, телефон көтерді. Бірақ қатты әлсіреп тұр екен. Сол кезде тек балалар туралы сұрады. "Шошып кеткен жоқ па?" деп алаңдады. Маған "Мен сені сүйемін. Балаларға қамқор бол" деп айтып үлгерді.

    Мен кейін артынан анализ жасадым. Соңғы бір жарым айдай көңіл күйі аса болған жоқ. Сол кезде сөздің астарынан ақырындап балаларды, олардың жағдайын маған ысыра бастап, тапсырғандай болыпты", - деп есіне алды әнші "Ұрпақ" подкастында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.