Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз келін": Айжан Байзақова енесін туған күнімен құттықтап, ерекше тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова күйеуімен
Айжан Байзақова күйеуімен. Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова енесін туған күнімен құттықтап, тосынсый жасады. Желі жұлдызы күйеуінің анасына ерекше сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова енесін туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Видеода блогер ару күйеуі мен үлкен ұлымен бірге әндетіп, торт тарту еткенін көруге болады.

Желі жұлдызы күйеуінің анасына пластикалық отаға сертификат сыйлаған.

"Бүгін менің сүйікті енемнің туған күні. Біз сыйлық жайында ұзақ ойландық. Анамызға ең жақсысын таңдадық. Енді ол мықты қазақстандық хирургке барып, бұдан да әдемі болады", - деп жазды Байзақова.

Желі қолданушылары блогердің енесіне деген асқан сыйластығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді.

"Міне нағыз келін деп осыны айт. Сыйластығы қандай", "Айжанның біріншісі баласын өз немересіндей көреді екен. Қандай ақылды әйел", "Айжаннан жақсы келін шықпайды дегендер қайдасыңдар? Жарайсың, күйеуіңнің анасы қашанда сыйластыққа ие болу керек", "Ерекше сыйлық сыйлапсыздар", "Бұл арзан сыйлық емес", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2124315-nagyz-kelin-aizhan-baizaqova-enesin-tugan-kunimen-quttyqtap-erekshe-tosynsyi-zhasady-video/