Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кері байланыс болмады": Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен неге араласпай кеткенін айтты

Опубликовано:

Әлішер Кәрімов
Әлішер Кәрімов. Видеодан кадр: Youtube/Асхат Садырбай Media

Қазақ эстардасының жарық жұлдызы Әлішер Кәрімов өнердегі әріптесі Димаш Құдайбергенмен бүгінде неге араласпай кеткенін ашып айтты. Бұған дейін бауырлардай болған әншілердің байланысы не себепті үзілгенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен арақатынасы туралы өз шындығын Асхат Садырбайға берген сұқбатында айтты. Өнер иелері бүгінде бір-бірлерін тіпті туған күнмен де құттықтамайтын болған.

Кәрімовтың айтуынша, екеуінің байланысы Қытайдағы ән байқауынан кейін өзгеріп кеткен.

"Шынымды айтайын, қазір Димашпен байланыс жоқ. Екі-үш ай бұрын студияда көріп қалдым. Қал-жағдай сұрастық. Екі минуттай сөйлестік. Туған күнмен бір-бірімізді құттықтамаймыз. Бір-бірімізбен хабарласпаймыз. Қытайға дейін болған байланысы басқа, Қытайдан кейін басқа болды. Негі екенін білмеймін. Оның уақыты жоқ шығар. Қазір оған мұның қажеті жоқ шығар.

Бір кезде телефон нөмір алмасайық деген болатынмын. Бірақ кері байланыс болмаған соң, сол жерден қоя салдым. Мен жалынғанды су қаным сүймейтін адаммын. Оның таңдауы сол болды. Мен әр адамның таңдауына сыйластықпен ақарайтын адаммын. Қытайға дейін бауырлар секілді болдық. Хабарласып тұрдық. Ол кезде қатты уайымдады. Қазір ол үлкен әртіс болды. Оның жетісттіктеріне қуаныштымын, әркез тілекшімін. Ол осының барлығына лайық", - деді Кәрімов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2125107-keri-bailanys-bolmady-alisher-karimov-dimash-qudaibergenmen-nege-aralaspai-ketkenin-aitty/