Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анам жылап қалды": Серік Ибрагимовтің әйелі тойда тосынсый жасап, елді таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Серік Ибрагимов жұбайы Айнамкөзбен
Серік Ибрагимов жұбайы Айнамкөзбен. Фото: instagram.com/ibragimovserik

Қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимовтің әйелі той үстінде тосынсый жасап, отбасын қатты таңғалдырды. Айнамкөз Абдимаева 15 жылдан кейін сахнаға қайта шығып, мерекелік қуаныш үстінде үнді биін биледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серік Ибрагимовтің келіншегі той кезінде жасаған тосынсыйын Instagram-дағы оқырмандарына да көрсетті. Айнамкөз Абдимаева ешкімге айтпай бірнеше күн бойы дайындалып, жақындарын таңғалдыруды шешкен.

Бейнежазбада әншінің әйелі басында тойханаға бетін жауып кіріп, би басталған сәтте жүзін көпшілікке көрсеткен. Жұлдызды әулеттің мүшелері қатты таңғалып, қуанышын жасыра алмады. Олар бидің соңына дейін Ибрагимовтың келіншегіне қолдау көрсетті.

Ибрагимовтің өзі әйелінің би билегенін алғаш рет көргенін айтты.

"Тосынсый. 15 жыл үзілістен кейін сахнаға шығуым. Жақындарымнан ешкім білген жоқ. Жоспар құру үшін тек 2-3 адамға айттым. Жан құрбыма рақмет, екеуіміз тығылып жүріп 3-4 рет 2 сағаттан кездесіп, дайындалып жүрдік. Жалпы көбісі таңғалып қалды. Өйткені "биші" болғанымды естігенімен, билегенімді көрмеген. Тіпті жолдасым да бірінші рет көріп тұр билегенімді. Жақсы тосынсый болды. Анам жылап қалды", - деп жазды ол.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2125470-anam-zhylap-qaldy-serik-ibragimovtyng-aieli-toida-tosynsyi-zhasap-eldi-tanggaldyrdy-video/