Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ер адамның берекесін қашыратын әйелдер бар": Алтынай Жорабаева қыз тәрбиесі туралы айтты

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде жаңа жазба жариялап, қыз тәрбиесі тақырыбын көтерді. Өнер иесі ұл мен қызды да бірдей тәрбиелеу керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева қазақтың қыз баласын тәрбиелеуіне қатысты ойын Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізді. Шоу-бизнес жұлдызы барлық жауапкершілікті әйел адамға арту мүлдес дұрыс емес деп есептейді.

"Неге "Қыз сыны"? Неге "Жігіт сұлтаны"? Әу бастан , қыз баласын сынға алып, бәрін әйел адамнан талап ету, бүкіл жауапкершілікті әйел адамға артып қоюды қанға сіңіріп, ойға түйіп тастаған сияқты ма, қалай өзі? Қыз нәзік, қыздың жолы жіңішке, қызға қырық үйден тыйым дейді де, қыздың қырық жаны бар деп қоятынымыз қалай ?

Былай қарасаң, нәзік, әлсіз деген сияқты айтып келіп, бірақ сол "әлсіз жаратылысқа" үстемдік жасап, әлсізге әлімжеттік көрсетіп, бірақ қайтадан бүкіл үйдің тірлігін, бүкіл жауапкершілікті, яғни күйеуі ішіп кетсе, құмар ойын ойнап кетсе, ішіп келіп ұрса, жүріс жүрсе, әйел үнін шығармай , көніп, бала-шағаны бағып, үйдің шаруасын жасап жүруді талап етуді қалай түсінуге болады", - деп жазды әнші.

Өнер иесі ешкімді бөлмей, қыз бен ұлға да бірдей тәрбие беру керектігін алға тартты.

"Нағыз ер азаматты сыйламайтын, тапқан табысының берекесін қашырып отыратын әйелдер де бар! Мынау еркектің, мынау әйелдің жұмысы деп бөлмей, кішкентайынан ұлды да, қызды да үй шаруасына, дала шаруасына баулып тәрбиелеген жөн. Сол кезде әйел еріне, ері әйеліне көмектесіп, түсіністікпен өмір сүріп, берекелі отбасы болады деп ойлаймын", - деп жазды Жорабаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2125587-er-adamnyng-berekesin-qashyratyn-aielder-bar-altynai-zhorabaeva-qyz-tarbiesi-turaly-aitty/