Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыт деген осы": қызы мен анасымен түскен видеосын жариялаған Мақпал Жүнісова елді сүйсінтті

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова анасы мен қызымен
Мақпал Жүнісова анасы мен қызымен. Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде анасы мен қызымен бірге түскен видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова қызы мен анасымен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада әнші анасымен бірге қызы Мерейді бетінен сүйіп жатқанын көруге болады.

Ерекше отбасылық сәтке куә болған желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тамсанып, жылы лебізін жеткізді.

"Анашыңыз аман болсын. Мерей қызыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Осындай бақытты сәттеріңіз көп болсын", "Қандай керемет көрініс", "Ерекше сәт. Анаңыз әрқашан ортаңызда күліп-ойнап жүре берсін", "Әдемі көрініс, Көңілді отбасы", "Бақыт деген осы", "Бір сәттік видеоның ішіне бәрі сыйып тұр. Ана, бала, немере. Әженің немереге, ананың перзентке деген махаббаты. Қуанышқа жайылған кең дастархан. Көңілді отырыс. Бәрі-бәрі керемет! Аман болыңыздар", - деп жазды көпшілік.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2126715-baqyt-degen-osy-qyzy-men-anasymen-tusken-videosyn-zhariialagan-maqpal-zhunisova-eldi-suisintti/