Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Қоянбаев.
Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Қоянбаев. Фото: instagram.com/ koyanbayevnurlan

Отандық продюсер Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген.

1996-2000 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультетінде білім алған. 2009-2011 жылдары Экономика және құқық академиясында Қаржы және несие факультетінде оқыды. 2012-2015 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Бұған дейін ол Президент Телерадиокешенінің креативті директоры, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда басқа да танымал жобаларды ұйымдастыруға атсалысты.

2021 жылы президент жарлығымен "Шапағат" медалімен марапатталды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127057-nurlan-qoianbaev-turkistan-oblysy-akimining-shtattan-tys-kengesshisi-bolyp-tagaiyndaldy/