Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағалық парызын орындады": Еркебұлан Тоқтар інісіне тосынсый жасап, қымбат сыйлық тарту етті

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Отандық танымал актер Еркебұлан Тоқтар өзіне видео түсіруге көмектесіп жүрген інісіне тосынсый жасап, қымбат сыйлық тарту етті. Өнер иесі жастайынан еңбек етіп келе жатқан інісіне ризашылығын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркебұлан Тоқтар інісіне жасаған тосынсыйын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Бейнежазбада актердің көлікке отырған інісіне соңғы үлгідегі Iphone сыйлағанын көруге болады.

Кино жұлдызының інісі оған түрлі видео түсіріп, контент жағынан көмектесіп жүр. Ол өнер иесінің желіде көп қаралым жинаған видеоларының авторы екен.

"Жастайыңнан еңбектеніп, дүние табуды үйрене бер інім", - деп жазды Еркебұлан.

Жұлдызды ағасынан мұндай сыйды күтпеген Әлихан Тоқтар оған алғысын жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127291-agalyq-paryzyn-oryndady-erkebulan-toqtar-inisine-tosynsyi-zhasap-qymbat-syilyq-tartu-etti/