Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала табайын десең кеш": Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан кейінгі өмір жайлы сыр шертті

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялап, 40 жастан кейінгі өмірдің қызықтары туралы айтты. БАҚ өкілі бұл жастағы адамдарды алдау өте қиын екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан кейінгі өмірдің артықшылықтары туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Тележүргізуші өз қатарластарының ұтар тұсын атап, оларды мойымауға шақырды.

"Баяғыда біреу "40+ деген өзі бір қызық жас екен. Ойнап-күлейін десең, жас емес сияқтысың, бала табайын десең кеш, немере бағайын десең әлі ерте сияқты. Не істейміз өзі?" депті.

Бірақ байқайсыз ба, бұл жаста сізді оңайшылықпен ешкім алдай алмайды, төркінге емін еркін бара аласыз, "апай өтіңіз, отырыңыз" деп жастар орын береді. Айта берсең ұтар тұсымыз көп. Сол себепті қыздар тек алға! Мойымаймыз", - деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127306-bala-tabaiyn-deseng-kesh-laila-sultanqyzy-40-zhastan-keiingi-omir-zhaily-syr-shertti/