Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем алып кетті": "Қойшы бала" ел алдында Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Айдос Кәден
Айдос Кәден. Фото: instagram.com/ koishy__bala

Халыққа "Қойшы бала" лақап атымен танымал Айдос Кәден "Менің өмірім" бағдарламасына сұқбат беріп, Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады. Әлі эфирге шықпаған бағдарламаның үзіндісін тележүргізуші Айгүл Ысқақ Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Бағдарламаға Айдос Кәден мен оның қазіргі продюсері Қанағат Меченбей келген. Сұқбат барысында "Қойшы бала" Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады.

"Мен артық ештеңе демедім. Әкеме барып, жеке жұмыс істегім келетінін айттым. Әкем менімен бірге Жігер ағаға барып, рұқсатын сұрап, алып кетті. Әлі болып-толмағанымды кейінірек түсіндім. Осы сәтті пайдаланып, Жігер ағамнан және барша халықтан кешірім сұраймын. Енді мұндай қателік жасамайтын шығармыз. Бірақ маған сабақ болды", - деді Айдос Кәден.

Ал "Қойшы баланың" қазіргі продюсері Қанағат Меченбай халықтың біліп-білмей түрлі пікір жазатынын айтты. Ол Айдос Кәден Жігер Ауыпбаевтан кеткен соң үш айдан кейін ғана өзіне хабарласқанын алға тартты.

"Қателеспейтін пенде жоқ. Неше түрлі адам жазып жатыр. Бірақ біз ренжімейміз, өйткені әуелі Алла, одан кейін халық. Жалпы біз әрі қарай жұмыс істеп жатқанға мені "Айдостың миын улады", "Туысы болса, бұрыннан бері қайдан жүр?" Жігерден тартып алды" деп жатыр. Айдос маған Жігер ағамызбен сөйлеспей кеткен соң үш айдан кейін хабарласты.

Елдер маған "пайда үшін жүр" деп те жазып жатыр. Маған Айдостан пайда керегі жоқ. Маған жұлдыздық керегі жоқ. Ол маған өзі айтып тұрған соң әрі қарай не істейміз? Баланың жұлдызы жанып тұрғанда оны өшірмеу керек", - деді Қанағат Меченбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127465-akem-alyp-ketti-qoishy-bala-el-aldynda-zhiger-auypbaevtan-keshirim-surady-video/