Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерден алып, жерге салды": Абай Бегейдің әйелі алғаш отау құрған кезін еске алды

Опубликовано:

Абай Бегей келіншегімен
Абай Бегей келіншегімен. Фото: Instagram/fari___za____zhan

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің әйелі, белгілі блогер Фариза Жұманова 32 жасқа толды. Желі жұлдызы туған күнінде жақындары өзіне қандай тосынсый жасағанын көрсетіп, алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің жанұясы Фариза Жұманованы туған күнімен ерекше құттықтаған. Ерлі-зайыптының перзенттері түнгі он екіден кейін құшақ-құшақ гүл, шарлар мен торт тарту еткен.

Сонымен қатар Жұманованы жақын құрбылары да арнайы құттықтап келген. Олар туған күн иесіне тосынсый жасап, өз сыйлықтарын табыстады.

Абай Бегей де келіншегіне үлкен гүл шоғын сыйлаған.

Фариза Жұманова өз туған күнінде осыдан жеті жыл бұрын отбасын құрғанын айтты. Өнер иесінің әйелі алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, желіде жан сырын ақтарды.

"Бүгін тек туған күнім ғана емес. Отбасы құрғанымызға 7 жыл болыпты. Дәл сол күні тойымыз болған. Бір жағы қуаныш болса, екінші жағы сол күні мені неше мың адам инстаграмда жерден алып, жерге салды. Таңда оянсам, жұлдыз болып кетіппін. Әпкем хабарласып, “Инстаграмға кірмеші” деп айтқаны есімде. Қазір соның бәрі өтірік болған секілді. Ең бірінші танысуымыздың фотосын жариялап отырмын. Қызыққа толы кез еді. Неше жылбізге сынақ берді. Бәрі артта қалды. Ендігі еш мұңаймай, ұл-қыздарымыздың ортасында күліп-ойнап жүрейік. Жақында ата-әже атанамыз", - деп жазды Жұманова Instagram-дағы парақшасында.

Фариза Жұманованың Stories-i
Фариза Жұманованың Stories-i. Скриншот: Instagram/fari___za____zhan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127594-zherden-alyp-zherge-saldy-abai-begeiding-aieli-algash-otau-qurgan-kezin-eske-aldy/