Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуі де өнерге жақын": Алмас Кішкенбаев кішкентай қыздарының әнші болуына қарсы ма

Опубликовано:

Алмас Кішкенбаев
Алмас Кішкенбаев. Видеодан кадр: youtube.com/ Khabar TV

Отандық эстрада жұлдызы Алмас Кішкенбаев кішкентай қыздарының әнші болғанын қаламайтынын айтты. Хабарlike бағдарламасына сұқбат берген ол бірнеше жыл тележобаларда бой көрсетпегенімен, өнерден алыстамағанын жеткізді.

Көпшіліктің көзайымына айналған әнші әңгіме барысында өзіне шабыт беретін музасы бар екенін жасырмады. Бірақ ол шығармашылығын шыңдауға көмектесетін жанның есімін атаудан бас тартты.

"Екі қызым да өнерге жақын. Кіші қызым бәлкім әнші болып қалуы мүмкін. Екеуі де гимнастикаға қатысады. Шынымды айтсам, әнші болғанын қаламаймын. Қандай мамандықты таңдаса да, өздері біледі.

Егер әнші боламын деп жатса, қарсы болмаймын, әрине. Жалпы ойым осындай. Қыздарыма "өмірде еш нәрседен қорықпа, әрдайым өзіңе сенімді бол және көп білімді ал" дегім келеді", - деді Алмас Кішкенбаев.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127705-ekeui-de-onerge-zhaqyn-almas-kishkenbaev-kishkentai-qyzdarynyng-anshi-boluyna-qarsy-ma/