Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бағы жанар жігіттің төресісің": Тамара Асардың ұлы университет тәмамдап, диплом алды (фото)

Опубликовано:

Тамара Асар ұлымен
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асардың ұлы Қамбар жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом алды. Қуанышты жаңалықты жұлдызды ананың өзі Instagram-дағы парақшасында жария еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар тұңғышының марапаттау салтанатынан фото жариялап, баласына деген аналық ақ тілегін жолдады.

"Жапырағын жаяр бәйтерегім, жарығым! Қатты қағазың дипломың құтты болсын ақ Қамбар Талабың оң болсын! Табысың мол болсын! Жолың ашық болсын! Арман мақсаттарыңның иесі бол! Денің сау,бауырың бүтін, айналаң аман болсын! Маңдайыңда бағы жанар жігіттің төресісің! Тек алға! Біз сені қатты жақсы көреміз! Саған сенеміз", - деп жазды өнер иесі.

Құттықтаулар легін желі қолданушылары да жалғастырып кетті. Оқырмандар әншінің ұлына игі тілектерін жолдап, жылы лебізін білдірді.

"Тамара апай, құтты болсын. Қамбардың қызығфына тоймай жүре беріңіз", "Қамбар, жарайсың. Үлкен жігіт болыпсың", "Бала өсті деген осы! Құтты болсын! Баланың жетістігі - ананың еңбегі", - Қабмардың дипломы құтты болсын. Өмір жолы ашық болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127933-bagy-zhanar-zhigitting-toresising-tamara-asardyng-uly-universitet-tamamdap-diplom-aldy-foto/