Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танымай қалды": Абай Бегейдің келіншегі оған әуежайда ерекше тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей әйелімен
Абай Бегей әйелімен. Фото: Instagram/fari___za____zhan

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова жолдасын үлкен қажылықтан ерекше қарсы алды. Өнер иесінің әйелі әуежайда оған естен кетпес тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Жұманова отағасын қасиетті мекеннен қалай күтіп алғанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

Блогер қоянның киімін киіп алып, жолдасын әуежайда таңғалдырған. Видеодан Фариза Жұманова бас киімін шешкенде Абай Бегей қатты таңғалып қалғанын көруге болады.

"Үлкен қажылықтан папамыз келді. Араға 21 күн салып, бәріміз улап-шулап әуежайға бардық. "Фаризок қатты сағынсаң әуежайға кел, орташа болса үйден қарсы ала бер" деп күліп еді. Көңіл күйін көтерейік деп осылай жасырынып бардым. Мені мүлдем танымаған ғой. Төре жігітке "мынау не істеп жүр" деп айтқан", - деп жазды өнер иесінің келіншегі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128236-tanymai-qaldy-abai-begeiding-kelinshegi-ogan-auezhaida-erekshe-tosynsyi-zhasady-video/