Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап отырмын": Руслан Өтепбай ұзатылып жатқан қарындасына әсерлі ән арнады (видео)

Опубликовано:

Руслан Есмағамбетов
Руслан Есмағамбетов. Видеодан кадр: instagram.com/ ruslan_utepbai

Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай (Есмағамбетов) ұзатылып жатқан қарындасына әсерлі ән арнады. Журналист тойдың видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

Отандық танымал бағдарламаны тізгіндеуші журналист ұзатылып жатқан қарындасы жалғыз бауыры екенін алға тартты. Тележүргізуші ән айтпас бұрын оған ағалық батасын беріп, ақ тілегін арнады.

"Айналайын, қарындасым. Асқар тау әкең қанаттыға қақтырмады. Аяулы анаң тұмсықтыға шоқтырмады. Ал мен саған қандай аға болғанымды білмеймін. Бірақ сен мен үшін ең қымбат, керемет, қызғалдақ, қырмызы қарындас бола білдің. Ал енді Абзалға адал жар, барған әулетіңе келісті келін, болашақ ұл-қыздарыңа аяулы ана бола біл. Мен саған ағалық батамды бердім", - деді Руслан Есмағамбетов.

Мұны көрген жұрт тележүргізушіге оң пікір жазып қалдырды.

"Өте әсерлі, бағы ашылсын", "Көзіме жас келді, не деген сөздер", "Мәссаған, жылап алдым", "Сендей ағалар көп болсын", "Ерекше ағалық құрмет", "Балам сендей болса ғой", "Енді өзің де үйлен", "Сіздей ағасы бар қандай бақытты қыз", "Елжіреп, жылап отырмын", - деп жазды көпшілік.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128434-zhylap-otyrmyn-ruslan-otepbai-uzatylyp-zhatqan-qaryndasyna-aserli-an-arnady-video/