Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіңізді пәк сүйемін": Мақпал Жүнісова Нұрқаділов жазған хаттарды көрсетті (фото)

Опубликовано:

Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісова қызымен
Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісова қызымен. Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бұрын жазған хаттарын жариялады. Өнер иесі желіде отбасылық мұрағаттан ерекше суреттерді көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова жолдасы туралы естелігін Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Әнші жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің өзіне және қызы Мерейге жазған хаттарын ел назарына ұсынды.

Белгілі саясаткер әйелі мен қызына ақ тілегін жолдап, оларға деген махаббатын жеткізген.

"Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, аса қымбатты да, қадірлі қызымыз, Мерей! Ең алғашқы жаңа жылың құтты да, сүтті бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар - мамаң Мақпал, папаң Заманбек. 31.12.2002 – 1.01.2003 жылға", - деп жазылған хатта.

Заманбек Нұрқаділов бұл хаттарды жаңа жыл қарсаңында жазған.

"Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, ең сүйкімді де, сүйікті қызым - Мерейдің ең сұлу да, ең көркем мамасы Жануля! Періште тәрізді нәзік мінезді тұңғыш перзентімізбен бірге қарсы алатын алғашқы жаңа 2003 жыл жанұямызға мол күлкі мен зор бақыт алып келсін! Үлкен қуаныш пен теңіздей шаттыққа кенелейік. Өзіңізді пәк сүйетін азда-көпті жұмсақ аялайтын, құдай қосқан жарыңыз, Заманбек. 31.12.2002 – 1.01.2003", - деп жазған Нұрқаділов.

Мақпал Жүнісованың Stories-i
Мақпал Жүнісованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhunusova.makpal

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128806-ozingizdi-pak-suiemin-maqpal-zhunisova-nurqadilovting-ozine-zhazgan-hattaryn-korsetti-foto/