Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесіне ғана еркелеп өтеді": Қайрат Әділгерей қызына әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Видеодан кадр: instagram.com/ kairat_adilgerey

Отандық әзілкеш Қайрат Әділгерей қызына әсерлі жазба арнады. Ол қыз тағдырының әрдайым қиын екенін айтып, әке ретінде қызға деген махаббаттың ерекшелігін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актер өз ойын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Қыз – жат жұрттық!Қыз – қонақ" дейді атам қазақ! Қыз бала әкесіне жақын келеді. Қыз баланы еркелетіп, сырласып, ішкі жан-дүниесін түсінетін, дегенін жасай алатын әке ғана! Уақыт өте келе қыз бала біреулер үшін бойжеткен, келіншек, әйел болады, тек әкеге ғана өмір бойына қызы болып қала бермек!

Қыз ұзатылғанда ата-анасы көз жасқа ерік беріп, езіліп ұзатып жатады! Әкеге анасына қарағанда екі есе қиын болады! Сұрақ? Неге? Әке алған жарының ішкі жан-дүниесін түсіне білді ме? Оны өмір бойына ренжітпей алақанына салып аялай білді ме? Оның жан сырына үңіле білді ме?Қажеттілігін өтей алды ма? Оның ойы мен қалауына құлақ аса білді ме? Сол сәтт е(қыз ұзатылғанда) осы нәрселерді ой елегінен өткізіп, өткенге оралып, қызын көз жасқа ерік беріп, шығарып салатыны сондықтан шығар (өз ойым)!

Қыз (ұзатылғанда) баланың мойнына артылған жүгі мен жауапкершілігі өте қиын! Көп нарсеге көз жұмып, жанұясының бірлігі мен ынтымағы, тыныштығы үшін, іштей тынып, көніп кете береді. Өмір бойына әкесіне ғана еркелеп өтеді!" - деп жазды Қайрат Әділгерей.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128950-akesine-gana-erkelep-otedi-qairat-adilgerei-qyzyna-aserli-zhazba-arnady-video/