Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осымен үшінші рет": Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында қандай ән салғанын айтты

Жарияланған күні:

Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасымен
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасымен. Фото: instagram.com/ mairaopera

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Қазақстанда өтіп жатқан ШЫҰ саммиті аясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Дзиньпин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының алдында ән салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы опера әншісі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммиті бүкіл әлем назарында. Мен үшін бұл іс-шарада өнер көрсету отан алдындағы үлкен борышым деп білемін. Ел намысын қорғау — бұл мақтаныш та, үлкен жауапкершілік те.

Кеше Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Дзиньпин мен Қазақ Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының алдында Ақордада ән салдым. Си Дзиньпин мырзаның алдында ән айтуым осымен үшінші рет. Ән демекші, ән көп. Бірақ жүрекке жететін ән таңдап әрі жеткізіп айту бөлек!" - деді ол.

Майра Мұхамедқызы айтуынша, алғашқы орындаған әні – қытай ақыны Лу Ю мен Таң Ванның махаббат мұңы.

"Тарихи көне тілмен жазылған классикалық романс сол жерде отырған ешкімді бейжай қалдырмады. Екінші әнім – Қытайдың нағыз философияға толы махаббат дастаны. Қазақша айтқанда, өмір-өзен.

Ал кешкі 16 президент алдында салған әнім—Қытайдың 100 үздік әндерінің көш басы болған ұранды шығарма. Хор мен оркестркін жазған жас талантты композитор Тасқын Жармухаметке алғысым шексіз. Иә, шырқалған дауысым Ақордада қалса, әуен талайдың жүрегінде кетті...", - деп түйіндеді опера әншісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129277-osymen-ushinshi-ret-maira-muhamedqyzy-qhr-toragasynyng-aldynda-qandai-an-salganyn-aitty/