Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ондай президент кімде бар": Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше тілде еркін сөйлейтін Тоқаевты мақтады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова елордада өткен ШЫҰ ұйымының саммитіне қатысты пікір білдіріп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты мақтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі ел президентінің мәртебелі меймандарды ерекше қарсы алып, оның бірнеше тілде еркін сөйлегеніне тәнті болған.

"Ондай президент кімде бар? Мәртебелі меймандарды ағылшынша, орысша, қытай тілінде, өзбек тілінде еркін сөйлеп, қарсы алып жатты", - деп жазды Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар актриса саммит кесірінен Астанада болған кептеліске қатысты пікір білдірді. Ол тұрғындарды жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.

"Жерде ғана емес, Астананың аспанында да кептеліс болды. Екі тікұшақ төбемізде тұрып алып, шыр көбелек айналып жүрді. Кептеліске бола ашуға бой алдырмай, Мәдениеттілік танытайық. Болашақ экономика, ғарыш, құрылыс, қауіпсіздік бағыттары талқылануда", - деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129403-ondai-prezident-kimde-bar-zhuldyz-abdikarimova-birneshe-tilde-erkin-soileitin-toqaevty-maqtady/