jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Шелекке су толтырып, жылытып барып жуынатынмын": Дина Төлепберген бай болудың құпиясын айтты

    Дина Төлепберген сұхбат кезінде
    Дина Төлепберген сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Aman Tasygan

    Отандық журналист Дина Төлепберген бала кезінде көрген қиындығын еске алып, байлық пен кедейліктің ара-жігін ашып берді. Тележүргізуші адамның алға басуына не әсер ететіні жайлы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    Дина Төлепберген байлар неге байып, кедейлер неге кедейлене беретінін түсіндірді.

    "Есімде, бала кезімде Шымкентте 1 бөлмелі пәтерде тұрдым. Тастай суық, 5-қабат. Білмеймін, күн түспейтін, қараңғы қамыт үй. Қалада тұрсақ та, краннан жылы су ақпайтын. Таңертең тұра сала, краннан шелекке су толтырып, жылытып барып жуыну мен үшін қалыпты болатын. Алайда ақыры армандарыма жеттім…", - деп бастады ол.

    Журналист аталған сұрақтың жауабын іздеп, форумға барғанын да алға тартты. Ол адамның жүрген ортасы алға басуына тікелей әсер етеді деп есептейді екен.

    "Ешкім ешкімнен артық не кем емес. Адамның алға басуы ізденіс, еңбек, білім мен байқампаздықта жатыр… Сіздерге айтарым, айналаңызға қараңыз. Қандай адамдармен араласасыз, сырласасыз? Әңгімесі арсыздықты айтудан аспайтын болса, ауыстырыңыз. Себебі адам көшпен түзеледі. Еңбек, ұмтылыс, өсу туралы ой айтатын ортаға бас сұғыңыз. Әр адам бай һәм бақытты болуға лайықты…", - деп түйіндеді журналист.

    "Шелекке су толтырып, жылытып барып жуынатынмын": Дина Төлепберген бай болудың құпиясын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.