"Ешкімге білдірмей жылағанмын": Дариға Бадықова өзі туралы жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Отандық актриса Дариға Бадықова Instagram желісінде өзі жайлы жан сырын ақтарды. Актриса қандай адамдардан айнала қашатынын да жасырмай айтты.
Дариға Бадықованың сөзінше, ол жастайынан өжет болып өскен.
"Өзіме керек нәрсені білетінмін. 2-курстан бастап театрда жұмыс істедім, ол бұйырған бақ болды. Парижге барып, есімнен танғанмын. Себебі көп нәрсе білгім келген. Қайтқым келмей, ешкімге білдірмей жылағанмын", - деді Дариға Бадықова.
Одан бөлек актриса қандай адамдарды ұната бермейтінін ашық айтты. Ол өз мінезінің кемшін тұстарын да жасырған жоқ.
Тек сөйлесетінім, сезгіштігім түбіме жететін шығар. Дариға аңқау деп ойлайды. Ақкөңілдігіммен шатастырады. Мені алдау мүмкін емес. Кеудем қысып, көп нәрсені біліп қоямын. Қырсық адамдарға еш уақытта жоламайтын және жолатпайтын әдетім бар. Оны да сезіп қоямын, айнала қашамын. Адамдарға құшағымды айқара ашып, таяқ жеп қалатыным бар", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129535-eshkimge-bildirmei-zhylaganmyn-dariga-badyqova-ozi-turaly-zhan-syryn-aqtardy/