Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жар таңдаудан қателеспедім": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі желіде әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев әйелімен
Мейрамбек Бесбаев әйелімен. Видеодан кадр: instagram.com/marhabat.besbaeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың келіншегі Мархабат Бесбаева үйлену тойын еске алып, желіде мұрағаттық суреттерді жариялады. Өнер иесінің әйелі өмірлік жарына әсерлі жазба арнап, оған деген махаббатын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаевтың келіншегі отағасына арнаған жантебірентерлік жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Ол жар таңдаудан қателеспегенін айтып, жұлдызды күйеуіне ақ тілегін жолдады.

Өнер иесі көпшілікке үйлену тойы күнінен мұрағаттық суреттерді көрсетті.

"Бүгін бізге 20 жыл. 8.07.2004-8.07.2024. Бүгін біздің үйлену тойымыз болған күн. Мен сол бір тамаша күнді жиі еске аламын. Жадымдағы жылы естеліктер жүрегімнің түбінде сақтаулы. Қызығы мен қиындығы қатар қаншама сәттер болды. Қанша сынақтан сүрінбей өттік. Осының бәрі тағдырдың бізге берген сыйы.

Аллаға шүкір. Мен жар таңдаудан қателеспеген бақытты жанмын. Жаным менің, саған күш-қуат пен сарқылмас төзім тілеймін. Біздің отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін істеп жатқан еңбегің үшін, бізді алақаныңда ұстап аялағаның үшін мың алғыс. Біздің бақыт пен қуанышқа толы күндеріміз әлі алда", - деп жазды Бесбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2130774-zhar-tangdaudan-qatelespedim-meirambek-besbaevtyng-aieli-zhelide-aserli-zhazba-arnady/