Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Наймандармен құда болдық": Жахан Отарғалиев көпшілікке қуанышты жаңалығын айтты

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Отандық әзілкеш Жахан Отарғалиев көпшілікке қуанышты жаңалығын айтты. Ол өзін бағып-қаққан әпкесінің қызы әрі әулетіндегі алғашқы жиені ұзатылып жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев ұзату тойдың видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Қазір тойларда "Жахан, сені кішкентай кезіңде талай баққанмын" дейтін жандар көп кездеседі. Бірақ мені шын баққан апатайым есімде. Менің аяғымда гипс болғанда Айнаш апа екеуміз құмда тамақ жасап ойнайтынбыз, көзді ашып-жұмғанша апамның қызын ұзатып жатырмыз.

Біздің әулеттің алғашқы немересі, жиенім Марикоштың ұзату тойы. Наймандармен құда болып жатырмыз", - деп жазды актер.

Айта кетейік, осыған дейін Жахан Отарғалиев дәрігерлердің өзіне қойған диагнозы жайлы алғаш рет жан сырын ақтарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2130852-naimandarmen-quda-boldyq-zhahan-otargaliev-kopshilikke-quanyshty-zhangalygyn-aitty/