Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мальтада "Көзімнің қарасын" шырқаған музыкант қария қазақ туристерін таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Музыкант
Музыкант. Видеодан кадр: Instagram/zukhra_j

Әлеуметтік желіде Мальтада ұлы Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін шырқаған музыканттың видеосы тарап, барша қазақстандықтарды тәнті етті. Шетелдіктің қазақша ән айтқанына сүйсінген отандастарымыз оған лүпілдерін жаудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш видеоны отандық танымал блогер Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Бейнежазбада егде жастағы өнерпаз көшеде өтіп бара жатқан туристердің Қазақстаннан екенін біліп, олардың құрметіне ұлы ақын Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындап берген.

Қазақстандықтар шетелдік әншіден мұндайды мүлдем күтпеді. Отандастарымыз қатты таңғалып, оған алғысын айтты.

Желі қолданушылары мальталық музыкантқа тәнті болып, аталмыш видеоға лүпілдерін жаудырған.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131098-maltada-kozimning-qarasyn-shyrqagan-muzykant-qariia-qazaq-turisterin-tanggaldyrdy-video/