Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық балаларын емдей алмай, қол жайып отыр": Меруерт Түсіпбаева ұлына көлік әперген Сәдуақасованы сынап тастады

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева ұлының туған күніне салоннан су жаңа көлік сатып әперген Мадина Сәдуақасованы сынап тастады. Өнер иесі әріптесінің бұл іс-әрекеті өте ұят болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева баласына аса қымбат көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасоваға қатысты ойын Instagram желісінде айтқан.

"Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялды жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүріпті. Бір көше жетпей тоқтап, ары қарай жаяу барған. Маған да "Мама, машинаны желіде салмашы" дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ", – деп жазды әнші.   

Меруерт Түсіпбаеваның Stories-i
Меруерт Түсіпбаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/meruert_tusupbaeva

Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова ұлының туған күніне аса қымбат сыйлық тарту еткен. Өнер иесі 10 жастағы баласына салоннан су жаңа көлік сатып әперді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131125-halyq-balalaryn-emdei-almai-qol-zhaiyp-otyr-meruert-tusipbaeva-ulyna-kolik-apergen-saduaqasovany-synap-tastady/