Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде қайыр тілеген Төреғали Төреәлі өзіне қол ұшын созған жігітті қуантты (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі көшеде қайыр тілеп жүр
Төреғали Төреәлі көшеде қайыр тілеп жүр. Видеодан кадр: Instagram/toregalitoreali

"Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлі желіде пранк жасаған видеосын жариялап, көпшілік назарын өзіне аударды. Бейнежазбада өнер иесінің Алматының қақ ортасында қайыр тілеп жүргенін көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі қайыршы шалдың кейпіне еніп, қаладағы халықты алдап көрмек болған. Өнер иесі қайыр тілеп, өзіне көмектескен адамды қуантуды шешкен.

Instagram-дағы парақшасындағы видеода адамдардың әншіні елемей, оның қасынан өтіп бара жатқанын көруге болады.

Алайда олардың арасынан бір жігіт "қарияға" қол ұшын созады. Ол эстрада жұлдызына 200 теңге береді. Өнер иесі бұл жігіттің игі ісін жоғары бағалап, соңында оған өзінің шын мәнінде кім екенін айтады. Ақтаулық жігіт қатты таңғалып, жұлдызды құшақтап алады.

Төреғали Төреәлі соңғы ақшасын өзіне беріп, жақсылық жасаған жанға алғысын айтты. Ол жас жігітке 50 мың теңге берді.

"Жүрегі кең бауырымыз. Өзіңде 300 тенгесі қалсада маған жартысын берді", - деп жазды әнші.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131545-koshede-qaiyr-tilegen-toregali-toreali-ozine-qol-ushyn-sozgan-zhigitti-quantty-video/