Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім жылап барады": ұлы қамалған Гүлзира Айдарбекова желіде жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртас анасымен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалған соң, желіде жан сырын ақтарды. Әншінің анасы оқырмандарына сырын шертісіп, жұлдызды әулеттің басынан өткен сынақтарды еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында күнде жаңа жазба жариялап, ұлына барынша қолдау білдіріп жатыр.

Продюсер Қайрат Нұртастың енді өнер жолына түскен сәтінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі ерекше мұрағаттық видеоларын жариялады. Әншінің анасы бүгінде мықты болуға тырысқанымен, бұл сынақ жанын жегідей жеп жатқанын жасырмады.

"Әрбір анаға көтере алар ма, жоқ па деп түрлі сынақты беріп тастаған. 62 тамырыңзды жарып шыққан перзентің үшін тауды қопаруға дайынсың. Бірақ кейде әлссіздік жеңіп кетеді ма деп те миың бір сәтке ой қармауынан шыға алмайтын кездер де болады. Жоқ, мен әлсіздік танытсам не үшін ана деген атқа лайықтымын?! Тұр да, басыңды көтер. Жығылуға тиісті емессің деген оймен денеңді тік ұстауға, беліңді бекем буады екенсің. Бір Алла жар болсын.

Менің бір түсінгенім, кішкентайынан құласа да, тұрса да елдің көз алдында өсіп келе жатқандықтан да өз ұлдарындай, өз бауырларындай болып кетеді екен ғой. Жек көріп тұрып, жүрегінің түбі жақсы көріп тұратындар өте көп екен. Көзден жас құлап барады. Жүрегім жылап барады. Әттең, ештеңе айта алмаймын", - деп жазды продюсер.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131590-zhuregim-zhylap-barady-uly-qamalgan-gulzira-aidarbekova-zhelide-zhan-syryn-aqtardy/