"Арсен ұсталды": танымал әзілкеш Мереке Қалбаеваның жазбасы жұртты дүрліктіріп қойды
Жарияланған күні:
Отандық танымал әзілкеш Мереке Қалбаева Instagram желісіндегі парақшасында тың жазба жариялады. Ол күйеуі Арсен Акиевтің ұсталғанын айтып, жұртты дүрліктіріп қойды.
Мереке Қалбаева бастапқыда әзілге толы мәтін қалдырды.
"Осыдан 6 жыл бұрын Арсен Акиевті өз қамауыма алған болатынмын. Әлі менің үй қамағымда, айналайындар. Тыныш жүрейікші. Жақсы жаңалықтар көп болсын", - деді ол.
Ал желі оқырмандары әзілкештің әзілі орынсыз деп тапты. Олар Мереке Қалбаеваға түрлі пікір жазып қалдырып, тек жақсы сөйлеуге шақырды. Осы ретте әзілкеш күйеуінің шынымен қамалуға шақ қалғанын айтты.
"Мұндай жағдай барлығының басына түсуі мүмкін. Екі апта бұрын біз де дәл сондай жағдайға тап болдық. Өз есігіміздің алдынан Арсеннің қолын қайырып алып кетуіне сәл қалды. Ондай кезде ең керегі сабыр екенін көзім жетті. Сондықтан түсініп алайық. Әзілдесек те, өз үстімізден әзілдеп отырмыз", - деп түсіндірді Мереке Қалбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131671-arsen-ustaldy-tanymal-azilkesh-mereke-qalbaevanyng-zhazbasy-zhurtty-durliktirip-qoidy/