Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қанша дұға еткенімізді білсең ғой": Фариза Төреәлі 8 айға толған қызына әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Фариза Төреәлі отбасымен
Фариза Төреәлі отбасымен. Фото: instagram.com/ farizatoreali

Отандық блогер Фариза Төреәлі 8 айға толған қызына әсерлі жазба арнады. Төреғали Төреәлінің қарындасы жүрекжарды тілегін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Фариза Төреәлі тілек жазып отырғанда көзіне жас алғанын жасырмады.

"Дара қызым, дана қызым, бүгін саған 8 ай. Сені қалай аңсағанымызды, күткенімізді, сен жайлы қанша дұға еткенімізді білсең ғой, күнім... Сен дүниеге келгелі өмірдің мәні кірді, тіпті күннің өзі басқаша жарқырап, самал желдің өзі өзгешерек есетін секілді. Күнде өзіңе айтатынымдай, бақыт деген – сен, махаббат деген – сен.

Ақылдым... бәрін түсінесің де сезесің, білемін. Раббымыздан берілген "аманатсың". Сол үшін де әкең екеуміз саған ең жақсыны, ең тәттіні, ең құндыны беруге барымызды салып келеміз. Дәл қазір алдымда ұйықтап жатқаныңа қарап, қатты жақсы көргеннен көзіме еріксіз жас келіп жазып отырмын. Бір күні саған арнаған жазбаларымызды оқып, саған деген кіршіксіз махаббатымызға тағы көз жеткізерсің..

Күлгенің біз үшін мереке... Назар аударту үшін өтірік жөтелетінің, есік қағылса елең етіп күтетінің, оянғанымызды күтіп, гуілдеп отыруың, әкең екеумізді кезек-кезек құшақтауың, мен не жесем, соны жемеске қоймауың, еркелігің, тәтті қылықтарың... Міне, біз үшін ең үлкен байлық осы. Аман-сау өсе бер ботам. Сен - жақұтсың. Сәлеммен әкең мен анаң", - деді Фариза Төреәлі.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131902-qansha-duga-etkenimizdi-bilseng-goi-fariza-toreali-8-aiga-tolgan-qyzyna-aserli-zhazba-arnady/