Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат, Әбдіжаппар үшеуміз бір жерде отырдық": Тұрсынбек Қабатов әзілімен елді күлдірді

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек Қабатов. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Ұшақ бортында бейәдеп сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатов темір тордан шыға сала үлкен концерт берді. Өнер иесі өзінің және өнердегі інілері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаның жағдайы туралы әзілдеп, елді күлдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатовтың абақтыға қамалғаны туралы әзілдеген видеосы Instagram желісінде тарап кетті. Онда әзілкеш Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа үшеуі темір торға қалай түскенін айтқан.

"Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдап жатыр. Жігіттер демалып жатыр", - деді Қабатов.

Айта кетейік, 28 маусым күні Тұрсынбек Қабатовтың 5 тәулікке қамалғаны белгілі болды. Өнер иесі ұшақ бортында мас күйде әдепсіз сөздер айтқаны үшін жазаланған.

Ал 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қайрат Нұртастың даулы оқиғасынан кейін желіде Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Өнер иесі құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132262-qairat-abdizhappar-usheumiz-bir-zherde-otyrdyq-tursynbek-qabatov-azilimen-eldi-kuldirtti/