Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі полиция туралы әнді тапсырыспен жазған ба: әнші жауап берді

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: Instagram/toregalitoreali

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі "Қазақ полициясы" әніне қатысты ел білмейтін ақпарат айтты. Эстрада жұлдызы Instagram желісіндегі парақшасында өзіне көп қойылатын сұраққа жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі өз сөзінде тәртіп сақшыларына арналған ән ешқандай тапсырыспен жазылмағанын алға тартты. Ол туындыны бұрынғы орындаушысынан сұрап алғанын да жасырған жоқ.

"Қазақ полициясы" әнінің тарихын айтып берейін. Жалпы қандай мақсатпен шықты? Бұл ән Қайнар Алагөзовтің өлеңіне жазылған Құрал Молжановтың әні. Бұрын Естай Бақбергенов деген жігіт 2019 жылы орындаған ән. Телефон соғып сөйлесіп, рұқсат алып, рақметімді айтқан болатынмын.

Ешкім тапсырма берген жоқ. Өзіміз ақылдасып айтсақ қалай болады деп әкенің де ақылын сұрадық. Жалпы ақылдасып жасалған дүние. Жүрекжарды шын жүректен сіздерге арнап шыққан ән. Кез келген әнді, туындыны шын жүректен айтпасаң, ол халыққа өтпейді", - деді Төреғали Төреәлі.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Төреғали Төреәлінің қазақ полициясына арнаған бейнебаяны жарыққа шықты.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132343-toregali-toreali-politsiiaga-qatysty-andi-memlekettik-tapsyryspen-zhazgan-ba-anshi-zhauap-berdi/